Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ әдістемелік кабинетінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 07 сәуірі мен 14 сәуірі аралығында «Мен зерттеушімін» атты балалар байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқауға 20 мектепке дейінгі және 2 жалпы білім беретін мекемелерден 5-6 жастағы 67 тәрбиеленуші қатысты.
Байқаудың мақсаты: қоршаған әлеммен өзара іс-қимыл жасау үшін қажетті танымдық және зерттеу қызметінің қарапайым дағдыларын игеру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, қарапайым экологиялық түсініктерді қалыптастыру ету.
Байқау ережесі бойынша қазылар алқасының мүшелері балалардың қарапайым зерттеу жұмыстарын жүргізуге қызығушылығын қалыптастыру, жанды және жансыз табиғат туралы білімдерін кеңейту арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ететін ең үздік танымдық, зерттеу жұмыстарын анықтады.
1 орын: « № 15 бөбекжайы»; « № 51 бөбекжайы»;
2 орын: «№ 61 бөбекжайы »; «№8 бөбекжайы»;
3 орын: «№ 54 бөбекжайы» ; « № 3 бөбекжайы».
Номинациялар:
«Жас эколог»- « № 69 бөбекжайы»;
«Үздік ата-анамен бірлескен жұмыс»- «№16 ЖББМ»;
«Жаңалық жаршысы»- МБГ;
«Тапқыр бала»- « № 5 бөбекжайы»;
«Креативті жұмыс»- « № 2 бөбекжайы»;
Бірінші орын алған жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жіберіледі.
Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!!!