Отан қорғаушылар күніне орай «№13бөбекжайы» «Менің әкем - менің мақтанышым!» атты спорттық сайыс өткізді. Дене шынықтыру нұсқаушысы тәрбиешілермен бірлесіп ортаңғы топ тәрбиеленушілердің әкелеріне арнап ойындар, эстафеталар дайындады.
Бұл іс - шараның мақсаты: балаларға әкелерімен бірге спорттық сайысқа қатысудан қуаныш сыйлау, Отан қорғаушыларға деген мақтаныш пен құрмет сезімін ояту.
Мұндай бірлескен спорттық сайыстар мақсатқа жетуге деген ұмтылыс, ептілікке, жылдамдыққа, батылдыққа, төзімділікке және өзіне деген сенімділік қасиеттерді дамытады.
Спорттық сайыс соңында қатысушылар грамоталармен марапатталды, ал балалар әкелеріне өз қолдарымен жасаған сыйлықтарды табыс етті.