Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Менің кітап оқитын отбасым» челленджін өткізу туралы»

      «Оқитын мектеп- оқитын ұлт» республикалық жобасы мен «Үндестік» облыстық жобасы аясында Қостанай қаласы білім бөлімінің №69 бөбекжайында «Менің кітап оқитын отбасым» тақырыбында челлендж басталды. Челлендждің мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға ата-аналарды белсенді түрде тарту, сонымен қатар балалардың шығармашылық дамуы үшін белсенді орта құру және кітап оқуға қызығушылығын арттыру болды.

       Балабақша тәрбиеленушілерінің отбасы ұстаздармен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, бұл челленджге үлкен қызығушылықпен қатысып, бүлдіршіндерге қамқорлық танытып, заманауи технологиялар мен ғаламторға толы өмірін жанұялық кештермен сусындатуда.          Оқуға деген құштарлық, кітап оқуға деген тұрақты қызығушылық отбасында қалыптасады және оның негізі баланың кітап оқуға дағдылануы болып табылады, бұл мектепке дейінгі ұйым мен отбасының басты міндеті.