Халықаралық әйелдер мерекесіне орай 5 наурыз күні балалар шығармашылығы үйінде қалалық білім бөлімінің қызметкерлері мен қалалық білім беру ұйымдарының басшыларының құрметіне мерекелік іс-шара өтті.
8 наурыз қарсаңында өз мамандығы саласында табысты еңбек атқарып жүрген әйел азаматшалардың жетістіктерін атап өту дәстүрге айналған.
Қала ұстаздарының жетістігі - қаланың, облыстың, жалпы республиканың дамуына қосқан зор үлестері екені баршамызға аян.
Ұстаздар оқушыларға білім мен тәрбие беруде зор жауапкершілік жүктеп, оқу орындарының жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар қаланың қоғамдық өміріне де белсене араласып, түрлі салаларда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуде.
Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту аясында Қостанай облысы әкімінің, білім басқармасының, Қостанай қаласы әкімінің орынбасарының грамотасымен қалалық білім беру ұйымдарының басшылары, ұстаздары мен білім бөлімінің қызметкерлері (жалпы саны 18 адамды құраған марапатталғандардың тізімін білім бөлімінің сайтынан көруге болады) марапатталды.
Бір күн бұрын «Мирас» мәдениет үйінде өткен мерекелік концертте №21 ЖББМ директоры А. А.Қабдулинова мен қалалық білім бөліміндегі балалардың құқықтарын қорғау секторының маманы М. А. Кравец қала әкімінің Құрмет грамотасын алған болатын.
Сондай-ақ, әйелдер қауымына арналған тамаша мереке қарсаңында білім беру жүйесінде облыстық «Бұрымды қыз» байқауы өткенін атап өткім келеді. Білім бөлімі басшысының көмекшісі София Жолдыбай осы байқауда жеңіске жетті және 100 мың теңге сертификатының иегері атанды.
Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймын. Алдағы уақытта да ұстаздар қауымының белсенді азаматтық ұстанымды ұстанып, еліміздің өркендеуі жолында еңбек ете берулеріне тілектеспін!
Қосымша
Қостанай облысы әкімінің грамотасы:
1.Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері, Темирова Наталья Валерьевна.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының грамотасы:
- № 7 жалпы білім беру мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Батура Людмила Владимировна;
- № 30 жалпы білім беру мектебіндегі ағылшын пәнінің мұғалімі, Кружнова Елена Сергеевна.
Қостанай қаласы әкімі орынбасарының грамотасы:
1 М. Горький атындағы гимназияның директоры Шушпанова Ирина Валерьевна;
2. № 1 мектеп-лицей директоры Сюндикова Данагуль Жаппасбаевна;
- № 2 мектеп-лицей директоры Дандыбаева Гульфия Тулегеновна;
- № 15 жалпы білім беру мектебінің директоры Мирамова Жумабике Жумабековна,;
- № 29 жалпы білім беру мектебінің директоры Кушанова Жанар Асановна;
- № 30 жалпы білім беру мектебінің директоры Белоусова Светлана Борисовна;
- Чапаев негізгі орта мектебінің директоры Казбекова Гульбану Мутталовна,;
- № 6 бала –бақша директоры Койшина Айман Мухамеджановна;
- № 8 бала –бақша директоры Тусова Айгуль Аманжоловна;
- № 9 бала –бақша директоры Уралбаева Асыл Аманжоловна;
- № 17 бала –бақша директоры Абишева Римма Каирбековна;
- № 27 бала –бақша директоры Травкина Галина Николаевна;
- Балалар шығармашылығы мектебінің директоры Баймусина Ляззат Ибраевна.
- Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Жумагулова Жанар Дуйсембаевна.
- Қостанай қаласы білім бөлімінің есепшісі Сулейменова Жанна Асылбековна.