2022 жылдың 21 ақпанында №15 бөбекжай-бақшасының базасында логопедтер мен дефектологтардың әдістемелік бірлестігі өткізілді.
Әдістемелік бірлестік жұмысына қатысқандар:
Л.С. Сигуева «Жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасауда сандық білім беру технологияларын қолдану» тақырыбын талқыға салды. «Грамотейка» цифрлық білім беру ресурсымен - перспективалық жоспарлауға сәйкес лексикалық тақырыптар бойынша әзірленген интерактивті ойындарымен (флипчарттар) таныстырды.
С. С. Халай «Логопед-мұғалімнің жұмысында сөйлеу қабілеті бұзылған мектеп жасына дейінгі балаларды қашықтықтан оқытуды қолдану тәжірибесі» тақырыбы бойынша өзінің педагогикалық зерттеуін қорытындылады. Қашықтықтан оқытудың жаңа түрлері (білім беру платформаларын пайдалана отырып, онлайн – сабақтар) туралы тәжірибесін ұсынды.
А.В. Жигайло педагогтардың назарына келесі жұмысты ұсынды: «АҚТ мектепке дейінгі ұйымда логопедтік тәжірибені оңтайландыру құралы ретінде".
Әдістемелік бірлестіктің жұмысына ПМПК маманы О.В. Акушевич мына тақырып бойынша қатысты: «"ПМПК жағдайында кеңес беру үшін баланы логопедтік қолдау". Түзету-педагогикалық үдерісті логопедтік сүйемелдеудің әдістемелік ұсынымдарын ұсынды. Сондай-ақ, ПМПК-ға алдын-ала жазылу үшін «Малахит» қосымшасы мен жаңа интернет-порталымен таныстырды.