2022 жылдың 25 ақпанында № 30 жалпы білім беретін мектебінің базасында «Жобалық іс - әрекет экологиялық, волонтерлік мәдениетті қалыптастырудың және мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатына саналы көзқарастың тиімді шарты ретінде» тақырыбында мектепалды даярлық сыныптары тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігі онлайн режимінде өтті.
Директордың ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары М. А. Лукьянчук «Жоба жұмысы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін дамыту құралы ретінде" тақырыбында коучинг өткізді .
Тәрбиеші Г. А. Самоваров әдістемелік бірлестік жұмысының тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Г. А. Руль «Құстардың қыстауы қиын, оларға көмектесу керек» тақырыбы бойынша біріктірілген ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынды .
Алынған білім педагогтерге балаларды тәрбиелеу бойынша педагогикалық мүмкіндіктер ашуға көмектесті, жұмысқа жаңа көзқарастарды жетілдіруге ықпал етті, кәсіби құзыреттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етті.