Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 20 желтоқсанда білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Multicultural education: experience and prospects» "Идеялардың тілдік калейдоскопы" қалалық жобасы №3 МГ семинар өткізумен аяқталды. Бұл жобаның мақсаты – көпмәдениетті ортаны және білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының шығармашылық әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау, сыныптан тыс жұмыстар арқылы шет тілін оқытудың заманауи педагогикалық тәжірибесін, тиімді тәжірибелері мен әдістерін тарату және танымал ету.

№3 МГ ағылшын тілі мұғалімдері «Travelling to the United Kingdom» интеллектуалды-танымдық ойынын, шеберлік сыныбын , гимназиялық курстардың панорамалық сабақтарын өткізу арқылы гимназиялық компонентті іске асыруды ұсынды.

Семинар барысында оқушыларды сабақта да, сабақтан тыс жұмыстарда да ағылшын тілін оқытуда тиімді тәжірибелер мен әдістемелерді одан әрі қолдану бойынша белсенді пікір алмасу өтті.