Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

«Не?Қайда?Қашан?» ойыны

  Балалар жылына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 14 б/б-да «Не? Қайда? Қашан?» теледидарлық ойынның аналогы болып табылатын және ойыншылардың интеллект пен эрудициясына негізделген интеллектуалды ойыны өтті.
 Білгір-балаларға қарсы бөбекжай-бақшаның педагогтары ойнады, бұл ойынға жарыс рухын берді. Залдың әшекейі мен атрибуттары тәрбиеленушілердің шынайы қызығушылығын тудырды және де жарқын сезімдер көзі болды. Балалар ойын үстелінің үстіндегі зырылдауықты тамашалап, тапсырмаларды мұқият тыңдап, бірге талқылап, ортақ шешім тапты. Балалардың естерінде: супер-блиц, қара жәшік жұмбақтары, Ақылды Үкі тапсырмалары ерекше қалды. Мектеп жасына дейінгі балалар ойында үйлесімді әрекет етіп, белгіленген ережелерді сақтағанын атап өткізгіміз келеді.
  Ойын 6:1 есебімен білгірлер пайдасына шешілді. Балалар ойыннан қуаныш пен ләззат алды, өз күштері мен мүмкіндіктеріне сенді.