а.ж. 20 желтоқсанында №115 ЖББМ базасында биология және химия пәндері мұғалімдерінің «Биология және химия пәндері бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру»тақырыбында вебинар өткізілді.
Вебинар барысында тапсырмалардың мазмұнына, тапсырмалардың мазмұнын іріктеудің инновациялық тәсілдеріне, биология және химия сабақтарында оқушылармен жұмыс формасына, оқу тапсырмаларын орындау кезінде оқушылардың функционалдық жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыруға қатысты проблемалық мәселелер қарастырылды.
Мұғалімдер өз сабақтарында вебинар уақытында алған тәжірибелерін пайдалана алады. Жалпы белсенді семинарлар педагогтардың кәсіби өсуіне ықпал етеді.