№21 жалпы білім беретін мектепте апта сайын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тіл күні белсенді өтуде. Мектепалды сыныбының ең кішкентай тәрбиеленушілері де шетте қалмайды. Бұл күні балалардың киімдерінде міндетті ұлттық киім элементі болады, олар таңертең Қазақстан Республикасының гимнін орындаумен бастайды. Балалар мемлекеттік рәміздермен танысады, қазіргі мәдениет және өнер қайраткерлерінің жетістіктерін біледі.
Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында мектепалды сыныбында викториналар, сайыстар, ойындар өткізіледі. Мысалы, балаларға «Қазақстан өмірінен бірер сөз...» викторинасы өте ұнайды. Ойынның мақсаты: апта ішінде еліміз туралы ең қызықты жаңалықтарды біліп, оны балалармен бөлісу.
Күннің соңында балалар бір достық дастарқанға жиналып, бір-біріне отбасының салт-дәстүрін айтып береді. Мұндай іс-шаралар балаларымызға еліміздің ұлттық мәдениетімен тереңірек сусындауына, мемлекеттік тіл туралы білімдерін кеңейтуге, топтағы қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік береді.
Бұл шаралардың барлығы да көпұлтты елімізде тұратын өзге ұлт өкілдерінің патриоттық сезімін, туған жерге деген сүйіспеншілігін және мәдениетіне деген құрметін арттыруға бағытталған.