“Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе" демекші Абай атамыздың асыл мұрасын ұрпағымызға дарыту мақсатында Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінің ғимаратында Республикалық "Абай оқуларының" облыстық ІІ кезеңі болып өтті.
"Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша №15 жббм-нің 9 сынып оқушысы Қуандық Арнұр Байұзақұлы (жетекшісі С.А.Алшимбаева)
"Абайдың қара сөздері" номинациясы бойынша Абай атындағы жббм-нің 8 сынып оқушысы Аңсаған Мәди Өмірханұлы (жетекшісі М.С.Бадаева)
"Ұлылар әлемі" номинациясы бойынша №10 жббм-нің 8 сынып оқушысы Тансыкпаева Жанель Маралқызы (жетекшісі Г.К.Шуренова)
"Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда" номинациясы бойынша белсенді қатысқаны үшін С.Мәуленов атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы Ғазиз Дамира Шоқанқызы марапатталды. (Жетекшісі Э.С.Шауенова)
Байқауда бақ сынап, жүлделі орын алған оқушылар мен жетекшілерін құттықтаймыз!
№15 жббм-нің 9 сынып оқушысы Қуандық Арнұр Байұзақұлы " Көңілім әнді ұғады" номинациясы бойынша Қостанай облысының атынан республикалық байқауға жолдама алды. Шығармашылық табыс тілейміз, құтты болсын!