Облыстық «АТАЖҰРТ – БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ» этногеографиялық интеллектуалды конкурсының қорытындысы туралы
19.10.2023ж.
Ғафу Қайырбековтың 95 жылдығына арналған іс-шаралар облыстық «АТАЖҰРТ – БІЛІМДІЛЕР МЕКЕНІ» » этногеографиялық интеллектуалды конкурсынан бастау алды.
Конкурстың мақсаты - Ғ. Қайырбековтың шығармашылығын насихаттау, білім алушыларды ұлттық құндылықтар, туған жер табиғатын, тарихын, байлығын оқып-білуге тәрбиелеу, зияткерлік-шығармашылық потенциалын дамыту. Облыстық байқауға қаладағы қазақ мектептерінен 7, облыстан 19 мектеп командасы қатысты. Қала мектептері: №9 жббм, №10 жббм, №115жббм, №17жббм, №24МГ, Әлихан Бөкейхан атындағы жббм, Абай атындағы жббм, облыс мектептерінен «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы»КММ , «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебі» КММ, Лисаков қаласы білім бөлімінің «Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратал жалпы білім беретін мектебі» КММ, Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, ҚОӘББ «Алтынсарин ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Садчиков жалпы білім беретін мектебі» КММ, Алтынсарин ЖББМ, Бейімбет Майлин ауданы, «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай әкімдігі білім басқармасы "Денисов ауданы білім бөлімі «№3 Денисов жалпы білім беретін мектебі" КММ, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Мелісай ауылы, «С. Мауленов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мухамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ, «Сарыкөл ауданы білім бөлімінің Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебі», Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарасу ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы мемлекеттік тілде оқытатын жалпы білім беретін мектебі” КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Рудный қаласы білім бөлімінің Міржақып Дулатұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Әулиекөл ауданының білім бөлімінің Үшқарасу негізгі орта мектебі» КММ, «Ұзынкөл ауданының білім беру бөлімінің Обаған жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Федоров ауданы білім бөлімінің Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Амангелді ауданы білім бөлімінің Құмкешу жалпы білім беретін мектебі» КММ қатысты. Конкурсты осы жобаның авторы Ергалиева Ментай Амановна жүргізді. Конкурс бастауыш сынып оқушыларының 4-сыныбына арналған. Конкурс 4 кезеңді қамтыды. Бірінші кезең «Ғафу шығармашылығы» деп аталып, Ғафудың өлеңдері мәнерлеп оқылды. Келесі кезеңдер «Өткел», «Жерұйық», «Белес» деп аталып, оқушылар ұлттық-салт дәстүр, ұлттық ойындар, мемлекеттік рәміздер, Қазақстанда өндірілетін пайдалы-қазбалар, Қазақстанда болып жатқан тарихи оқиғалар, жергілікті ақын-жазушылардың өмірі, шығармашылығы туралы сұрақтарға жауап берді. Әрине конкурс болғандықтан оған қазылық жасайтын әділ-қазылар бекітілді. Муканова Бибигуль Серикбаевна - Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері. Маженова Ляззат Төлендіқызы - Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасының иегері. Жумагулова Жанар Дүйсембаевна Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері. Әділ-қазылар шешімінің нәтижесінде Бас жүлде – 25 ұпаймен «Арқалық қаласы білім бөлімінің А. Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ , 1-орын 24 ұпаймен Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, 2-орын 24-ұпаймен Бейімбет Майлин ауданы, «№2 Тобыл жалпы білім беретін мектебі» КММ және Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Мелісай ауылы, 3-орын 23 ұпаймен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қарабалық ауданы білім бөлімінің Мухамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектебі” КММ және 24 МГ иеленді. Үш команда (24 ұпай) бірдей ұпай алғандықтан командаларға қосымша сұрақтар қойылды, соның нәтижесінде 2 орын иелері анықталды. Конкурста еңбегі нәтижелі болған жеңімпаз командаларды атап өтсек:
Бас жүлде: Ғапарғали Нұрмұхаммед, Шәкіржан Айару Ришатқызы.
Жетекшісі Султанова Асылай Галымовна.
1-орын: Ғалымжан Айсұлтан, Талғат Нұрай.
Жетекшісі Ибраева Жадыра Болатбековна, Рахметова Кульпара Мырзабаевна.
2-орын: Хозедияс Зере, Әнкей Әділ
Жетекшісі:Калькеева Алтынай Ташбаевна
2-орын: Теңіз Санжар, Сәндібек Ұлжан. Жетекшісі: Калиева Сәрсенкүл
3-орын: Ертанова Даяна, Сапабек Дильназ.
Жетекшісі: Сактабергенова Айнур Серикболатовна
3-орын: Төретай Дария, Тулебаева Аина
Жетекшісі: Дуненбаева Ботагоз Каратаевна
3-орын: Шәріп Рахымжан, Давыл Тамерлан
Жетекшісі: Балесова Замзагул Аскаровна
Барлық жеңімпаз болған командаларды құттықтаймыз!!!