Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 30 – шы  қараша күні «Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№13 бөбекжайы» КМҚК базасында «Ойын арқылы әр баланың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан - жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында қалалық мектепалды топтарының әдістемелік бірлестігі өтті.
Музыка жетекшісі Амирханова А.Ы. «Сиқырлы аспаптар» атты музыкалық 
аспаптармен музыкалық сәлемдемемен ашты. 
Мектепалды «Гүлім» тобының тәрбиешісі Абильтаева У.К. «Ұлттық ойын – ұлттық 
қазына» атты тақырыпта  балаларға ұлттық құндылықтар мен ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Осы ұлттық ойындар арқылы баланың ұлттық сана сезімін қалыптастыра отырып, дене бітімінің шынығуына да толық оң әсерін беретіні анық деп ұйымдастырылған іс – әрекет өткізді. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, ойындар мен тапсырмалар қол жетімді болды. Қызықты ұлттық ойындар балаларды қызықтыра білді.
Балабақша жантанушысы Қылышбековна А.К. тәрбиешілерге арналған «Жақсы 
көңіл – күй жан шуағы» атты тренинг өткізді. Тәрбиешілердің өзін - өзі тану процесін жандандырып, көңіл – күйлерін көтере алды.