Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Бейімбет Майлин ауданының білім бөлімі" ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес ОТМ мақсатында "Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы" ММ-сі мен бірлесе отырып "Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау" тақырыбында онлайн шеберлік-сыныбы өткізілді.Шебер-сыныптың мақсаты: оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалаудың ерекшелігі мен маңыздылығы мұғалімнің және оқушының іс-әрекетін бақылау, бағалау,тұжырымдаудың басты роль атқаратындығын,сол сияқты оқушының жас ерекшелігін, белсенділігін,ойының ұшқырлығын,нақтылығын саралай отырып оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін, ерекшеліктерін айқындау болып табылады.
Шеберлік-сынып спикерлері А.М. Горький атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ә.Д.Салықова–п.ғ.магистрі, педагог-зерттеуші және Ш.Р. Бажирова– гуманитарлық ғ.магистрі, педагог-модератор өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік-сыныпқа аудан бойынша 22 тәжірибелі тіл мамандары, "Қостанай қаласының білім бөлімі" ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті секторының әдіскері Ж.Д.Жумагулова қатысты. Шеберлік-сынып модераторы, аудандық білім бөлімінің әдіскері пед.ғ.магистрі Д.А.Алиева ұйымдастырды.
Шеберлік-сынып барысында сабақ өткізудегі бағалау туралы көптеген мәліметтер айтылды. Бағалауға байланысты әдіс-тәсілдердің қолданылуын, оқушыға өзін, өзгені, мұғалімді бағалап үйрену бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)