2022 жылдың 26 сәуірінде № 7 ЖББМ базасында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудің нәтижелілігін, тиімділігін арттыру тәсілі ретінде пайдалану» тақырыбында семинар өтті.
Директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары Е.В. Альмеева орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің мектептегі әдістемелік бірлестігінің жұмысын таныстырып, педагогтарды «Мультемедиялық журналистика» атты арнайы курс бағдарламасымен таныстырды.
Жас мамандар И.Б. Сухвалко, Я.С. Чистякова сабақтарда АКТ қолдану бойынша жұмыс алгоритмін және әртүрлі платформалармен жұмыс жасауда Q код мүмкіндіктерін көрсетті.
5, 6, 9 сыныптарда ашық сабақтарды орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері Ю. А. Кульпина, Ю. А. Атоварова, А. М. Фатхудинова өткізді.
Сондай-ақ, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі В. С. Сатубалдина жұмыс тәжірибесінен бейнероликтер ұсынды.
Семинар соңында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерімен «Идеялар қоржыны» рефлексиясы өткізілді.