Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 22 ақпанында күні № 8 б/б базасында «Жобалау қызметі шеңберінде мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды ерте кәсіптік бағдарлау үшін жағдай жасау» тақырыбында орыс тілінде оқытатын ересек тобы тәрбиешілерінің  әдістемелік бірлестігі онлайн режимінде өтті.

Тәжірибелі педагогтер Ершова Е. В., Артюхова А. Н., Климашева Ю. В. «Мамандықтар әлемінде» ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді. Тәрбиеленушілердің назарын қазіргі кәсіптердің алуан түрлілігіне аударды, инновациялық, педагогикалық технологияларды қолданды. Бұл іс-шара мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі мамандықтар туралы дүниетанымын қалыптастыруға ықпал етеді.

Тәрбиешілер мектеп жасына дейінгі балаларды ерте кәсіптік бағдарлау саласындағы танымдық қызметті қалыптастыру бойынша педагогтердің жұмысы туралы айтып, ол бірлескен қызметтің әртүрлі нысандары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық танымдық қабілеттерін біртіндеп және мақсатты дамытуды ескере отырып құрылатынын нақтылады.

Отырыс аясында тәрбиешілер мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін, одан әрі жұмыс істеу перспективаларын атап өтті.