2022 жылдың 25 ақпанында № 4 бөбекжай-бақшасы базасында орыс тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардағы қазақ тілі мұғалімдерінің «Байланысқан сөйлеуді дамытуға ықпал ететін сөздік қорды тиімді кеңейту және байыту үшін ассоциативтік ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін мнемотехника тәсілдерін пайдалану» атты тақырыптағы әдістемелік бірлестіктің жұмысына 34 педагог қатысты.
Әдістемелік бірлестіктің жетекшісі С.М. Брахметованың басшылығымен №4 балабақшаның қазақ тілі мұғалімі Г.М. Балабекова «Машаның туған күні» атты ҰОҚ және жұмыс тәжірибесін ұсынды.
Педагог мнемотехниканы пайдаланып балабақшадағы басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету тәжірибесімен бөлісті.
Жоғары санатты педагог –психолог Е.С Каткенова «Кәсіби қызметегі жетістік» атты шебер –сынып өткізді.
Әдістемелік бірлестіктің соңында қазақ тілі мұғалімдері өз пікірлерін білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті және ӘБ жоспары бойынша жүргізілген жұмыстарды жоғары бағалады.