2022 жылдың 26 сәуірінде Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес № 19 жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қалалық озық тәжірибені іс жүзінде көрсету (ОТМ) мен шығармашылық тобының отырысы болып өтті.
Отырыстың ашылуында қалалық білім бөлімінің әдіскері Ж.Д.Жумагулова сөз алып,мұғалімдерді өз шеберліктерімен бөлісудің маңыздылығы,ерекшелігі,нәтижесі туралы толықтай мәліметтер берді.
Шығармашылық тобы отырысы барысында «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін қолдану арқылы функционалдық сауаттылықты арттыру» тақырыбында №17 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері Н.К.Касимханова,П.Е.Нысамбаева,Ә.Ж.Жиренбай шеберлік сыныбын өткізді. Бұл отырыстың Ахмет Байтұрсынұлының шығармасы бойынша өткізілетінін айта келіп, «Танысу» тренингісін, «Әріптер сөйлейді» психологиялық ахуалын өткізді.Блоб ағашы арқылы бұтақтың бастапқы көрінісі жасалды.Негізгі бөлімінде П.Е.Нысамбаева «Түюлі орамал» ұлттық ойын элементін,Ә.Ж.Жиренбай «Бұрыштар» қимылды ойын элементін,Н.К.Касимханова «Wordwall» платформасында «Ұшақпен ұшу»,«Лабиринт» ойын элементтері арқылы қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында тиімді қолдануды тәжірибелік тұрғыда көрсетті.Қорытынды бөлімде әр ойын элементінің нәтижесі талқыланды. Нәтижесінде мәтінмен жұмыс жүргізу арқылы қойылған мақсатқа қол жеткізілді.Ойын элементтері ұтымды әрі тиімді қолданылды. Ойын элементтері арқылы тек пән оқытуда қызығушылықты арттырып қана қоймай, функционалдық сауаттылықты арттыруда қандай үлесін қосатынына көз жеткізілді. «Әріптер сөйлейді» рефлексия жүргізіліп,Блоб ағашымен қорытындыланды.
Сонымен қатар,№19 жббм-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің тәжірибелі мұғалімі А.Т.Кыдралина «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» атты шеберлік сыныбында ОТМ тақырыбы бойынша практикалық жұмысын өткізді.
Отырыстың нәтижесінде мұғалімдер тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді,түрлі тапсырмалар орындалды,өз сабақтарына қолдануға болатын көптеген тәжірибелермен бөлісті. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)