Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2022 жылдың 15 тамызында №28 мектеп-гимназиясы ғимаратында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің «Әр баланың білім сапасын арттырудың негізгі бағыттары: жетістіктері,проблемалары,болашағы» тақырыбында әдістемелік алаңы өткізілді.Қостанай қаласында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің оқытылу жағдайы мен өзекті мәселелері жайлы ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова баяндама оқыды.Пленарлық отырыста тіл мамандарының көкейтесті сұрақтары талқыға түсті.Қалалық білім беру ұйымдарынан 70-тен астам тіл мамандары қатысып отырды. «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбы бойынша  ОТМ шеңберіндегі жұмыстың презентациясын (№19 жббм) А.Т.Кыдралина қорғаса, (№17 жббм) П.Е.Нысамбаева, Ә.Ж.Жиренбай, Н.К.Касимханова «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында шығармашылық тобының жұмысы туралы сөз алды. «Сәтті бастау:баланың даму мүмкіндіктері» әдістемелік алаң жұмысының №1 практикалық бөлігінде 
(№14 ном) Г.К.Сабыкова «Жаңа  технология элементтерін тиімді пайдалана  отырып, оқушылардың айтылым  дағдысын, білімге деген құштарлығын қалыптастыру, шығармашылығық қабілетін дамыту»  тақырыбында шебер сынып, (№7 жббм) А.А.Ибраева «Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ тілін меңгертудің әдістемесінің негізін қалаған ғалым-әдіскер» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Ал, «Оқыту мен тәрбиелеудің бірлігі  білім беру мазмұнының тәрбиелік аспектілері» әдістемелік алаң жұмысының №2 практикалық бөлігінде «Ерекше білімді қажет ететін балаларды анықтау және қолдау» тақырыбында коучингті (№18 мг) З.Д.Сергазина,(№29 жббм) Г.М.Абдигапарова мен У.С.Серденбаевалар сабақта белсенді әдіс-тәсілдердің көмегімен оқытуды қалай жетілдіруге болады сұрақтар негізінде  «Жаңартылған білім шеңберінде оқушылардың тілдік дағдысын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында шебер сыныбын өткізді.Қазақ және орыс сыныптарға дәріс беретін тіл мамандарымыз №1, №2 әдістемелік алаңда өткізілген тақырыптың өзектілігіне тоқталып, өз ойларын ортаға салып,ұсыныстар мен пікірлерін жазып қалдырды.Айтылған ұсыныстары болашақта  ескерілетін болады.