2023 жылғы 17 және 24 сәуірде Қостанай қаласының білім бөлімі қалалық прокуратура, полиция, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия қызметкерлерімен бірлесіп кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді.
Білім бөлімінің тұрақты бақылауындағы №9 ЖББМ және № 14 НОМ 13 отбасына (оның ішінде 20 бала) барды.
Осы отбасыларды есепке қою себебі:
- «Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын ата-аналар немесе заңды өкілдер» - 10 отбасы;
- Кәмелетке толмағандардың панасыздығы, қараусыздығы – 3 отбасы.
Отбасылар 22.07.2021 жылдан 08.11.2022 жылға дейінгі кезеңде Қостанай қ. ПБ СПБ ЖПҚБ - да есепке қойылды.
Отбасылардың есебінде болған уақыт ішінде оң динамика байқалады. Балалар мектепке үнемі барады. Ата-аналар сынып жетекшісімен байланысқа түседі.
Кәмелетке толмағандардың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық. Кәмелетке толмағандар мектепте тегін ыстық тамақпен, сондай-ақ бос уақытпен қамтылған, секцияларға барады: «Радуга» ДДК, «Қазақша сөйлесейік», футбол, «Сиқырлы пластилин әлемі», English club, «Белая ладья», "Росток" студиясы, волейбол, би үйірмесі.
Рейдтік іс-шаралардың қорытындысы бойынша отбасылармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" ҚР Кодексінің балалардың құқықтарына, ата-аналардың құқықтары мен міндеттеріне және осы заңнама бұзылған жағдайда жауапкершілікке қатысты баптары түсіндірілді.
Бұл мәселе қаланың білім бөлімі мен прокуратурасының ерекше бақылауында.
Орын: Балгабаева А.М.
Тел: 54 52 28