Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.126): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Қостанай қаласы прокуратурасының тапсырмасын орындау мақсатында, өрт қауіпсіздігінің алдын алу үшін Қостанай қаласы білім бөлімі Қостанай қаласы Төтенше жағдайлар басқармасымен, Қостанай қаласы полиция басқармасымен, қала әкімдігімен және білім беру ұйымдарымен бірлесіп рейдтік іс - шаралар жүргізуде.

Үш комиссиялық топ құрылып, бірлескен шығулардың кестелері бекітілді. Рейдтік іс - шаралар 2025 жылғы 22 тамыздан басталып, 2025 жылғы 29 тамызда аяқталады. Комиссия тарапынан пешпен жылыту жүйесінің, улы газ датчиктерінің, розеткалардың жарамдылығы тексерілуде.

2025 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша 70 отбасына бардық, онда 169 бала бар. №4 жалпы білім беретін мектептің қамқорлығындағы 2 отбасында пешпен жылыту жүйесінің ақаулы күйде екені анықталды. Электр сымдары бойынша ескертулер жоқ. 10 отбасына газ датчиктері орнатылды.

2025 жылғы 26 тамызда 73 отбасына бару жоспарланған.

Құрметті тұрғындар! Өрттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мынадай ережелерді сақтауды сұраймыз:

- электр құралдары мен сымдарының жарамдылығын қадағалаңыздар;

- жанып тұрған пештерді және қосулы газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыздар;

- тез тұтанатын сұйықтықтар мен сіріңкелерді балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыздар.