Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

   Қостанай қаласының білім   бөлімінің  2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 27 сәуір мен 4 мамыр аралығында аралас форматта «Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына арналған «Тіл және Ахмет» күндері өтті. 
 №29 жалпы білім беретін мектебінің базасында тіл мамандары арасында  «Ахмет оқулары» байқауы ұйымдастырылды.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,ұстаздардың кәсіби шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ұлы тұлғасы  Ахмет Байтұрсыновтың жарқын өмірі мен еңбегін  насихаттау мақсатында өткен республикалық байқауға Көкшетау, Павлодар қаласының ұстаздарына қатысуға ұсыныс жасалды. 
 Жыл басынан бері ынтымақтастықта Көкшетау, Павлодар қаласының білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасып, іс-шараларға белсенді қатысу жолдары қарастырылған.
 Төрт  номинация бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері  бақ сынасты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
1.«Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы: зерттеу, жүйелеу жəне насихаттау» номинациясы бойынша
1-орын:  К.Б.Молдахметова  (№11 жббм);
2-орын: Г.Б.Ибраева  (Б.Момышұлы атындағы №5жббм);
3-орын: М.Қ.Әлиасқарова  (№115жббм)
2. «Адамдық диқаншысы қырға шықтым» номинациясы бойынша:
 Бас жүлде - Н.Е.Елеукенова  (№17 жббм);
1-орын: З.К.Сапанова  (Дружба жббм);
2-орын: Д.С.Ромащенко (ГМГ);
3-орын: Павлодар қаласынан қатысушы Д.Е.Тәңірберген (№24  жом); А.М.Нургазина (№7 жббм)
3.«Ұлттың ұлы ұстазы» номинациясы бойынша:
1-орын: З.С.Муртазина (№28 мг);
2-орын: Т.Б.Жазықова  ( №19жббм);
3-орын: Павлодар қаласынан қатысушы Т.П.Онянов (№24 жом); А.С.Сакауова (№8 жббм); Г.И.Құлмұрат (№1 мл)
4.«Қазақ  руханиятының  айнасы» номинациясы бойынша:
Бас жүлде – Г.М.Хусаинова  (№29жббм)
1-орын:  А.К.Нурина (№19 жббм);
2-орын: А.А.Шарипбаева  (Б.Момышұлы атындағы №5жббм); 
3-орын: А.А.Курмангалиева  (№18жббм)
Қостанай қаласының білім беру ұйымдарында ұйымдастырған "Тіл және Ахмет" күндері өз мәресіне жетті."Ахмет оқулары" байқауын жылда өткізу жөнінде тіл мамандары ұсыныстарын жеткізді.
Алғаш рет болып жатқан "Ахмет оқулары" байқауына қатысып жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді құттықтаймыз! 
 Қаламыздың білім беру ұйымдарында даланың дарыны, саланың сан түрін меңгерген Ахмет атамызды ұлықтау іс-шаралары жалғасуда. (ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)