Республикалық «Мәриям оқулары» байқауы
«Қостанай қаласы білім бөлімі» ММ-нің жұмыс жоспарына сәйкес қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстанның халық жазушысы Мәриям Хәкімжанқызының 116 жылдығына орай оқушыларға жерлес ақын апамыз Мәриям өлеңдерін терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу мақсатында Ынтымақтастық жұмыс мақсатында республикалық және Қостанай қаласындағы мектептерінің оқушылары арасында Қостанайлық ақын М.Хәкімжанованың құрметіне 2022 жылдың 05 қарашасында республикалық «Мәриям оқулары» байқауы өткізілді. Байқау М.Хәкімжанова атындағы №20 жалпы білім беретін мектебінің базасында өтті. «Мәриям оқулары» байқауы екі номинация бойынша өткізілді. Байқауға Қостанай қаласының 30 білім беру ұйымдарынан (50 оқушы) қатысса, Ынтымақтастық жұмыс түрі мақсатында 15 оқушы қашықтықтан қатысты.
«Білімдіден шыққан сөз»номинациясы бойынша Мәриям шығармаларын жатқа оқудан жүлдегер атанған оқушылар:
1-орын: А.Р.Бадертдинова (Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм);
2-орын: Ф.Х. Мададова (№25 ном), Е. Карлова (№30 жббм), А.Балғина
(С.Мәуленов атындағы гимназия), М.Көбей (М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм);
3-орын: С.Байдильдина (№7 жббм), А.У.Нуриева (Дружба жббм), Г.Ж.Қасымқан (№10жббм), А.А.Тулеубай (№15 жббм), И.Нағашыбай (Ә.Бөкейхан атындағы жббм).
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» Мәриямға арнау, жас ақындардың авторлық төл туындыларынан жүлдегер атанған жас ақындар:
1-орын: А.Марат (Ә.Бөкейхан атындағы жббм);
2-орын: Ж.Бейсен (М.Хәкімжанова атындағы №20 жббм), А.Хыдырбекқызы (С.Мәуленов атындағы гимназия); К.Бағытжанқызы (М.Қозыбаев атындағы №23 жббм), А.Абилов (ФМЛ),
3-орын: Ж.Нұралыұлы (№28 мг), Р.Атымтай (Ғ.Қайырбеков атындағы №9 жббм), Ә.Жалғасбек (Абай атындағы жббм), Н.Арстанбекова (№8 жббм), Д.Жадикова (№11 жббм),Ж.Альмагамбетов (Чапаев ном). Ынтымақтастық жұмыс мақсатында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарындағы оқушылар ерекше белсенділік таныта білді. (ҚББ әдіскері Ж.Жумагулова)