Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

С.Мәуленовтің 100 жылдығына арналған 
«Ақын-ғұмыр»  атты өңірлік  ғылыми-практикалық конференция

2022 жылдың 17 қазанында сыршыл ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдық мерейтойына орай «Ақын-ғұмыр»  атты өңірлік  ғылыми-практикалық конференция секциясының отырысы С.Мәуленов атындағы гимназиясында өтті.
 Іс-шараға қаланың 50-ге жуық педагог қызметкерлері қатысты.  Конференцияға қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, ақын, ғалым, Сырбай ақынның  көзін көрген жерлес інісі Оспанов С, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Шаяхмет А.Қ, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің профессоры, п.ғ.к  Өтегенова Б.М, айтыскер, ақын Өтелбаева С.А  қатысты.
Секциялық тыңдалым «Сыршыл ақынның әдеби-танымдық туындылары сыр шертеді»,«Өлеңмен өрілген  отты  жылдар», «Естеліктер ой толғайды» тақырыбында үш бағытты қамтыды.
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Қатысушы педагог қызметкерлерге  білім бөлімі басшысының атынан дипломдар  табысталды.