2022 жылдың 28 сәуірінде №29 ЖББМ базасында «Сабақтың дебюті» орыс тілі мен әдебиеті жас мұғалімдерінің қалалық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты-талантты жас педагогтарды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Байқауға қала мектептерінен орыс тілі мен әдебиетінің 10 педагогы қатыстыа (№1 МЛ, №2 МЛ, №3 МГ, №15 ЖББМ, №17 ЖББМ, №18 ЖББМ, №!9 ЖББМ, №21 ЖББМ, №23 ЖББМ, №29 ЖББМ).
Байқауға қатысушылар бейне сабақтар ұсынып, «Жаңа мектепке барар жолда (қазіргі қазақ білімі жас мұғалімнің көзімен), «Орыс тілін осы үшін ғана үйренер едім» немесе «Орыс тілін не үшін оқу керек? », «Өзім туралы бірер сөз, Менің таңдауым – мамандығым» тақырыбында эссе жазды.
Байқауға қатысушылар барлық сынақтардан лайықты өтті, тапсырмаларды орындады.