Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылдың 27 қаңтарында №61 бөбекжай-бақшасының базасында ҮТМ-нің «Педагогтердің тәлімгерлік кәсіби қалыптасуын дамыту тәсілі» атты қалалық мектепке дейінгі мекемелердің мемлекеттік тілде тәрбиелейтін педагогтерге арналған үздік тәжірибелер панорамасының семинары өтті. Бұл теориялық және практикалық бағытты қамтыған семинар жұмысына 65 педагог белсене қатысты.

Қостанай қаласы білім бөлімінің мектепке дейінгі секторының басшысы Боранбаева А. К. мектепке дейінгі тәрбиелеуді жетілдіру бойынша нұсқаулықтар берді.

  Қаламыздың №40 бөбекжай-бақшасының қазақ тілі мұғалімі Брахметова С.М. «Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілі мен тіл дамытуды байланыстыру» атты баяндамамен және тәрбиеші Байгабылова Ж.С. «Синквейн әдісімен ертегілер, жұмбақтар құрастыру арқылы баланың тілін дамыту» атты нәтижелі жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

        Сонымен қатар, №14 б/б шығармашылық тобы: қазақ тілі мұғалімі Жаксыбаева Г.Ж. «Мектепке дейінгі ұйымда тіл дамыту жұмыстарындағы заман талабына сай әдістер мен тәсілдер» тақырыбымен және тәрбиешілері Уайсова Г.Х., Есиналинова А.Е. «Балалардың тілдерін дамытуда синквейн тәсілдерін пайдаланудың тиімділігі», «Блум текшесі» бойынша теория және практикалық жұмыстарымен бөлісті.

 Семинар барысында №6, 12, 5, 7, 27, 16, 61 балабақшаларының тәрбиешілері Отеуова Ж.Б., Балгынбаева Қ.Г., Тұрсынбаева Ж.К., Уваисова Н.М., Баксимова Л. К., Тортаева Г.К., Жұмағалиева К.М., Лекенова А.К., Байсалбаева М.К., Жанғон А.С. өз тәжірибелерінен алған әдіс-тәсілдерімен, жұмыс түрлерімен әріптестерімен бөлісіп, практика жүзінде қолданудың тиімділігін көрсетті.

Үздік тәжірибелер панорамасы семинарына қатысқан педагогтерге шығармашылық табыстар тілейміз.