Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

Бүгін  17.11.2023ж. Ә.Бөкейхан атындағы мектеп базасында «Оқушыларды ББЖМ-ға дайындаудың теориялық және әдістемелік мәселелері» тақырыбында биология және химия пәні мұғалімдеріне арналған қалалық вебинар өтті.

Вебинар семинар-практикум  түрінде өткізілді, онда мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Химия және биология ӘМҚ басшысы Кущугулова А.М қазіргі заманғы биология сабағының тиімділігін арттыру үшін педагогикалық технологияларды қолданудың әдістемелік жүйесін ұсынды.

Биология пәнінің мұғалімі, педагог-психолог Абдулкаримова Г.С. психологиялық шиеленісті жою үшін бірқатар жаттығулар өткізді. Семинарға қатысушылар үшін 4,9 сынып оқушыларымен жұмыс істеу мақсатында психологиялық педагогикалық ұсыныстар берілді.

Вебинарда қала мұғалімдерімен бірге заманауи сабақтың нәтижелілік критерийлері қарастырылды.

Биология пәнінің мұғалімі Ерекина Н.С.химия пәнінің мұғалімі Едрес Т.Н бірлесе отырып, ББЖМ-не дайындық аясында оқушылардың мотивациясын арттыру үшін сабақта қолданылатын белсенді әдістерді көрсетті.

Семинар динамикалық және шығармашылық атмосферада өтті, шығармашылық тапсырмаларға толы болды.