2023 жылдың 18 ақпанында №3 жасөспірімдер спорт мектебінің шаңғы базасында Қостанай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Шаңғы спорты-2023» қалалық шаңғы Фестивалі өтті.
Бұл спорттық шараға Қостанай қаласындағы барлық мектептердің 7-11 сынып оқушылары мен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері белсене қатысты.
Фестиваль қатысушылары көптеген жағымды эмоциялар, сергектік пен энергияның үлкен зарядын алды.
Қалалық жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында жеке есепте жүлделі орындарға ие болды:
I орын - Сагимбаева Дарья, №23 ЖББМ
II орын-Медведская Карина, №22 ЖББМ
III орын - Герасимович Алина, ФМЛ.
Жеке есепте ұлдар арасында:
I орын-Югай Ратмир, №22 ЖББМ
II орын-Екимов Александр, №22 ЖББМ
III орын-Тимяков Дмитрий, № 23 ЖББМ.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!