2023 жылғы 02 ақпанда №14 жалпы білім беретін орта мектепте шахматтан қалалық мектеп лигасын өткізу бойынша оқыту семинары өтті. Семинарға Қостанай қаласы мектептерінің дене шынықтыру мұғалімдері мен қосымша білім беру педагогтары қатысты.
Аталған семинарды Қостанай қаласының білім бөлімі Халықаралық шахмат төрешісі Метелено Евгений Сергеевичтің шақыруымен ұйымдастырды. Дәріскер қатысушыларды шахмат ойынының негізгі ережелерімен, жарыс ережелерімен, швейцариялық ФИДЕ жүйесінің ережелерімен таныстырды, сондай-ақ шахмат жарыстарын өткізу бойынша ұсыныстар берілді.
Мұғалімдер шахматтан қалалық мектеп Лигасына қатысу бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.
Қалалық мектепішілік шахмат Лигасының барлық қатысушыларына сәттілік тілейміз!