2023 жылдың 23 ақпанында Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Қостанай қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында шахматтан қалалық мектеп Лигасы өтті.
Жарысқа Қостанай қаласының 14 мектебінен 50-ден астам оқушы қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында шахматты насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтау болып табылады.
Шахматтан қалалық жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
I орын- №23 ЖББМ
II орын – Ә. Бөкейхан атындағы ЖББМ
III орын – №7 ЖББМ.
«Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясында «КAZ BILIM» ҮЛ командасы марапатталды.
№23 ЖББМ командасы 9-11 сыныптар арасындағы облыстық мектеп лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!