2023 жылғы 16 тамызда Қостанай қаласы білім бөлімінің №1 мектеп-лицейінің базасында "Заманауи сын-тегеуріндер мен білім беру жүйесін трансформациялау жағдайындағы кәсіби диалог"атты ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік кеңесі өтті.
Пленарлық бөлімде қалалық білім бөлімінің әдіскері Н. В. Темирова қатысушыларды шет тілдері бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен таныстырды, әдістемелік жұмыста туындайтын проблемалық мәселелерді және шешу жолдарын айтты.
Сонымен қатар, "Fail conference" форматындағы педагогтармен жұмысты "Өрлеу БАҰО" АҚ филиалының жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы И.П. Заминова жүргізді, оның барысында ынтымақтастық және тілдік орта ғана емес, сонымен қатар топтарда белсенді жұмыс жасалып , постер қорғалды.
Практикалық бөлімде спикерлер Конарбекова М.К., Бендра Э. М., Магамедова Е. П., Альмагамбетова Я. Р. қазіргі мектептегі тәлімгерліктің рөлі, білім алушыларды ынталандыру тәсілі ретінде формативті бағалау, заманауи сабақтың конструкторы, авторлық өнімді құрастырудағы өзекті тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісті .
Рефлексия барысында барлық спикерлерге сапалы және жемісті жұмыстары үшін алғыс сөздер айтылды.
Әдістемелік кеңес аясындағы белсенді ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл мұғалімдерге оң баға беруге, жаңа оқу жылындағы жұмыстың басым бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді.