2022 жылдың 22 сәуірінде Балалар жылы аясында №1 МЛ базасында Қостанай қаласының оқушылары арасында қалалық дебат турнирі өтті.
Турнирдің мақсаты - қазақстандық қоғам мен әлемдік қоғамдастықта орын алған балалардың құқықтарын қорғау бойынша проблемаларды жария талқылау және талдау арқылы оқушылардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру, «Ұшқыр ой алаңы» атты жоба аясында республикада мектептің пікірсайыс қозғалысын дамыту.
Турнир қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтті. Турнирге орыс лигасында 26 команда және қазақ лигасында 8 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар берілді:
Қазақ лигасы:
1 орын-«Өркениет» командасы, СМГ;
2 орын-«Ұшқын» командасы, 115ЖМ;
3 орын-«Аділет» командасы, 28 МГ;
3 орын- «Қой, күрсінбе» командасы, ҚБШМ.
«Үздік спикер» номинациясында Абдрахман Нұрлыхан, СМГ.
«Үздік аналитик» номинациясында Сейткан Айша 20 ЖМ.
Орыс лигасы:
1 - «Нерассказанное» командасы, 1 МЛ;
2 - «Патриот» командасы, 3 МГ;
3 - «Аділет» командасы, 28МГ.
«Үздік спикер» номинациясында Гоман Валерия 1МЛ.
Құттықтаймыз!!!!