2022 жылғы 5 наурызда Қостанай қаласының №3 мектеп гимназиясы базасында директорлар кеңесін өткіздім. Күн тәртібіне екі мәселе қарастырылды: білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.
Бірінші сұрақ бойынша білім бөлімі заң секторының басшысы Исмагулова Күнсұлу Бірімжановна тыңдалды. Өз сөзінде, Қостанай облысының білім беру саласында тіркелген сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілеріне тоқталды. Соның ішінде Қостанай қаласының №122 негізгі орта мектебінде анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі де бар.
Жалпы орта білім беруді дамыту секторының меңгерушісі Г.Ж. Елешова өз баяндамасында білім беру саласындағы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және олардың салдары туралы айтып өтті.
Кеңесті қорытындылай келе, білім беру ұйымдарының директорларына Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2022 - 2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын зерделеуді, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын қатаң сақтауды, аталған тармақтардың ешқайсысы бойынша құқық бұзушылық жағдайларына жол бермеуді тапсырдым. Кеңес туралы ақпаратты педагогикалық ұжымдарға жеткізілсін.