Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

"Қостанай облысының кәсіптік білім беру қауымдастығы "ҚБ Қостанай қаласы білім бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша іске асыратын антибуллинг құралдары. Жұмыс Л.Н.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың базасында қала мектептерінің оқушыларымен, сынып жетекшілерімен және педагог-психологтарымен жүргізілетін болады.

22 қыркүйек жұма күні Тапсырыс беруші – Қостанай қаласы білім бөлімінің практикалық психология және әлеуметтік әріптестік бөлімінің өкілінің қатысуымен жұмыс басталды. Бірінші тренинг бес мектептің 30 оқушысына арналған: СМГ,№11 ЖББМ, №23 ЖББМ, №14 ЖББМ, №19 ЖББМ.

"Қостанай облысының кәсіптік білім беру қауымдастығы" ҚБ жаттықтырушысы Махаббат Таттыбаева арттерапия әдістемесі арқылы жасөспірімдерді буллингтің нысандары мен құрылымымен таныстырды. Бұл кездесудің мақсаты қатысушыларды буллингті жеңуге және жасөспірімдер арасында жағымды және тиімді қарым-қатынас орнатуға ынталандыру болды.

Осындай тренинг 29 қыркүйекте басқа білім беру ұйымдарының оқушылары үшін өтеді. Әрі қарай, қазан-қараша айларында жоба іс-шараларына Қостанай қаласының барлық мектептерін қамти отырып, қатысушылардың әртүрлі санаттары қатысады.

Біз серіктестеріміз - Л.Н.Толстой атындағы ОӘҒК мектеп оқушыларының өзекті мәселесін шешуге атсалысқандары үшін алғысымызды білдіреміз. Әлеуметтік серіктестік біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтеді!