«STORYSACK» инновациялық жобасы
Балаларды кітаппен таныстырудың бірнеше әдістері бар, бірақ оқу үдерісін қазіргі өскелең ұрпақтың өмірлік қажеттілігіне айналдыру үшін жаңа жолдарды іздеу керек.
Солардың бірі – «STORYSACK» жобалық әдісі оның идеясы-балалардың оқуын насихаттау және бірге дауыстап оқудан ләззат алу үшін қажет нәрсенің бәрін қамтамасыз ету. Қолданылатын әдістің жаңалығы-әрбір «STORYSACK» құрамына кіретін компоненттер бір көркем шығармамен біріктірілген балалар іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Storysack» инновациялық жобасын балабақшада 54 жүзеге асыру аясында балалар «Қаздар-аққулар» ертегісімен танысты. Бір ай ішінде алдын-ала жасалған жоспар бойынша жемісті жұмыс жүргізілді. Басында олар ертегіні тыңдап, мазмұны бойынша әңгімелесті, содан кейін сахналады, дидактикалық ойындар ойнады: олар ертегіні иллюстрациялар арқылы таныды, кейіпкерлерді дұрыс атады, ертегінің ертегі кейіпкерлері туралы сипаттамалық жұмбақтар шешті, басқатырғыштар жинады, лото ойнады және т.б. ойындара және сөйлеу байланыстарына белсенді қатысты. Бұл жоба балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытады. Балалар сахналау барысында іс-әрекеттер мен рөлдік диалогтарды үйлестіруді үйренеді. Балаларға осы ертегідегі кейіпкерлерді қолдана отырып, өздеріне ертегіні мазмұндауды ұнады.
Ертегідегі барлық материалдар әдемі қорапта жинақталған олар - әр түрлі театрлар, түрлі-түсті кітаптар, жұмбақтар, «Қаздар-аққулар» қимылды ойынының атрибуттары, бояу беттері, құстар, нан өнімдері туралы карталар, «Көкөністер-жемістер» ойыны.
Осы жобаны іске асыру барысында біріктірілген оқыту технологиясы пайдаланылады.