Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ 2022 жылғы 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында 2022 жылғы негізгі ҰБТ-ға қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталатынын хабарлайды, ол 16 мамыр мен 5 шілде аралығында тегін негізде өтеді.
Негізгі ҰБТ мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін сертификат алуға мүмкіндік береді. 2022 жылғы мемлекеттік грантқа үміткерлерге негізгі ҰБТ-ға 2 рет қатысу мүмкіндігі беріледі.
Тестілеуге қатысу үшін app.testcenter.kz сайтта онлайн өтінім беру қажет.
Тіркелу кезінде тестіленушілер өздері үшін ыңғайлы тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды.
Пәндер саны өзгеріссіз қалады-3 міндетті және 2 таңдау керек. Ең жоғарғы ұпай саны – 140. Тестілеу уақыты 240 минут.
Рұқсатнамалар ubt.testcenter.kz. жеке кабинетте қолжетімді болады.