Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылғы 23 ақпанда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 бөбекжайы» КМҚК орыс тілінде оқытатын мектепалды топ тәрбиешілерінің қалалық әдістемелік бірлестігінің екінші отырысы өтті. Тақырыбы «МДҰ заманауи жағайында театрландырылған іс-шаралар арқылы баланың жеке басының шығармашылық әлеуетін дамыту». Педагог-сарапшы Есеналина А.С. «Театр әлеміне саяхат» ұйымдастырылған қызметін көрсетті. Педагог-модератор Досмаилова Б.А. «Ертегідегі математика» тақырыбы бойынша ұйымдастырылған іс-шара дайындады. «Балалар өміріндегі ертегі» жұмыс тәжірибесімен  педагог-сарапшы Жарасбаева К.Е. бөлісті.  Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №54 бөбекжайы» КМҚК тәрбиешілері Рамазанова А.К., Сафарян Л.В., Лясота В. В. «LEGO конструкторларын пайдалана отырып, білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу» жұмысымен таныстырды. Педагог-психолог Мазурок Н.В. «Шамадан, ет тартқыш, себет» рефлексиясын өткізді, соның нәтижесінде педагогтар балалардың шығармашылық қабілеттері театрландырылған іс-шаралар негізінде пайда болады және дамиды деген қорытындыға келді. Бұл қызмет баланың жеке тұлғасын дамытады, әдебиетке, музыкаға, театрға деген тұрақты ынта-жігерді оятады, белгілі бір тәжірибені ойынға енгізу дағдыларын жетілдіреді, жаңа бейнелерді жасауға себеп болады, ойлауға түрткі болады.

ӘБ жетекшісі Лихограй Л.В.