Бүгін, 2025 жылғы 05 қарашада, №19 жалпы білім беретін мектеп базасында тарих және география пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Тарих пен географияны оқытудың заманауи тәсілдері /// Тарих пен географияны оқытудың белсенді формалары, әдістері мен тәсілдері» тақырыбындағы отырысы өтті.
Іс-шара барысында №19 мектептің педагогтері сабақтарда белсенді формалар мен әдіс-тәсілдерді қолдану тәжірибелерімен бөлісті.
STEM-технологияларын қолдана отырып шеберлік сағаттары өткізілді, жасанды интеллект платформаларымен жұмыс істеу және олардың оқушылардың оқу мотивациясын арттырудағы рөлі талқыланды. Сондай-ақ сабақтарда үстел ойындарын пайдалану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру және маңызды даталар мен тарихи оқиғаларды есте сақтауды жеңілдету тәсілдері көрсетілді.
Рефлексия кезеңінде шығармашылық диалогқа қатысушылардан кері байланыс алынып, олар практикалық жұмыс тәсілдерін меңгеру мүмкіндігі үшін ризашылықтарын білдірді.






