Құрметті ата-аналар, білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдарда 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап келесі санаттағы тәрбиеленушілер растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда 100% тегін тамақтанатынын хабарлайды:
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар
-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тұлғалар санаты үшін отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиені бекіту туралы уәкілетті органның шешімі;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар, бала кезінен мүгедектер
- мүгедектігі туралы анықтаманың, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
көпбалалы отбасылардан шыққан балалар
- балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
АӘК алушылардың отбасыларынан шыққан балалар
- өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растау туралы анықтама;
жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардан шыққан балалар
- алынған кірістер туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналардың немесе оларды алмастырушылардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа да қызмет түрлерінен түсетін кірістер, балаларға және басқа да асырауындағы адамдарға алимент түріндегі кірістер).
Тегін тамақтану үшін өтініш жазып, балабақша меңгерушісіне растайтын құжаттарды ұсыну қажет. Барлық сұрақтар бойынша 54-27-20 телефоны бойынша хабарласуға болады.