Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

   «Қостанай қаласы білім бөлімінің  №17 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және оны шешу жолдары»тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні  педагогтерінің қалалық съезі өтті. Аталған шараға Қостанай қаласы бойынша 80 қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Сонымен қатар, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің дайындаған авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік құралдары, тіл дамытуға арналған бағдарламаларынан құралған білім көрмесі ұйымдастырылды. Пленарлық отырыста Қостанай қаласындағы қазақ тілі мен  қазақ әдебиеті пәнін оқытылу жағдайы, оқыту сапасын арттыру, мектеп жасына дейінгі  балалардың тілдік әлеуетін іске асыру, өзге тілді ортада қазақ тілін жетілдірудің мәселелері жан-жақты қарастырылды.Съездің ашылу салтанатында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің басшысы Уразбаева Гүлсім Әділханқызы әріптестерін ауқымды шараның басталуымен  құттықтай отырып, қазақ мектептерінің санының артуы, қазақ тілінің қоғамдағы қолданылу деңгейінің жоғарылауы әр отбасындағы тәрбиеден  басталатындығын қадап айтты. Мәселелерді шешу жолдары әрі  қарай фасилитациялық алаңдарда өз жалғасын тапты. Облыстық, республикалық деңгейде нәтиже көрсетіп жүрген педагогтер, магистранттар, педагог-шеберлер, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты өз тәжірибелерімен бөлісті.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мәселелері және шешу жолдары» тақырыбындағы  №1 фасилитациялық алаңда сабақ жоспарлаудың маңызы, оқу мақсаттарының негізгі және ішкі дағдылары қарастырылса,««Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқыту мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбында және №2 фасилитациялық алаңда оқу мақсатына жету үшін қолданылатын бағалау тапсырмалары, дарынды балалармен жұмыс, эссе жазудың құрылымдары туралы мәселелер талқыланды. Ал, «Қазақ тілі мен әдебиеті»  пәнін оқытуда функционалды сауаттылықты қалыптастыру мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы  №3 фасилитациялық алаңда функционалды сауаттылықты қалыптастыру, оқу сауаттылығына дайындау жолдары мен PBL (Project based learning)бойынша жұмыс істеу мәселелері, «Қазақ  тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудағы оқу мақсаттарының өзекті мәселелері тақырыбында және №4 фасилитациялық алаңда оқу-әдістемелік  құрал дайындау жолдары, сабақ үдерісіндегі олқылықтарды жою мәселесі ауқымды талқыланып, жазғы мектеп бағдарламасына бағыт-бағдар берілді. 
Фасилитациялық алаң жұмысының соңында төмендегідей қарар  қабылданды:
•    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда оқу мақсаттарына сәйкес сабақ жоспарлаудың маңыздылығы зор. Сол себепті мақсатқа сәйкес жұмыс істеу жүйелілік пен нәтижеге бағыт береді;
•    Тілдік дағдыларды қалыптастыруда бағалау тапсырмаларына критерийлер анық, нақты болғанда ғана нәтиже болады. Эссе жазудағы қателіктерді болдырмау, талдау жасау жұмыстарын жетілдіру бойынша үздіксіз жұмыс істеу арқылы оқушылардың сауатты сөйлеу дағдыларымен қатар, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
•    Оқушылардың  шығармашылықпен жұмыс жасауын жетілдіру, әр сабақта жүзеге асыру – оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға септігін тигізеді;
•    Дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеу, тьюторлық негізде олимпиада резервтерін дайындауға дұрыс бағыт-бағдар беру,  оқушылардың зерттеу құзіреттілігін дамытуда үздіксіз тапсырмалар берумен қатар, жүйелі бақылау – нетижелі жұмысқа бағыт береді;
•    Сабақ үдерісіндегі олқылықтарды жою өте маңызды болып саналады, сол себепті білімді толықтыру мақсатында  ұйымдастырылатын жазғы мектеп жұмыстарын жүйелі жоспарлау оң нәтиже береді. 
Сонымен қатар, педагогтардың оқу-әдістемелік құралдарын жетілдіру жұмыстарын жандандырып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша оқулықтар құрастыру мәселесін қолға алу – болашақтың еншісіндегі шешімін табуы тиіс мәселе екендігі айтылды.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)