Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

 Қостанай қаласы білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес қазақ тілі грамматикасының атасы,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойын мерекелеу күніне, Қостанай қаласындағы  №6 жббм-нің оқушылары Ахмет атамыз атындағы  Қостанай өңірлік  университетінің жанындағы А.Байтұрсынов атындағы мұражайға саяхат жасады. Мұражай коллекцияларында посткеңестік кеңістіктің барлық бұрыштарынан жиналған қызықты экспозициялар бар. Экскурсанттардың ішінде көне қолжазбалар мен қазақ халқының тұрмыстық заттары қызықтырды. Ж. К.Тюлюбаева экскурсияға қатысушыларды қазақ халқының дәстүрлі еңбек заттарымен таныстырды.Жас өрендеріміз Ұлы Алашордашыларға тиесілі бірегей экспонаттарды өз көздерімен көрді.
 Бүгін Тіл және әдебиет теория кафедрасымен бірлесе отырып Физика-математикалық лицейі мен №2 мектеп-лицейінің тіл мамандарының ұйымдастыруымен "Ұлы ұстаз ұлағаты: Ахмет Байтұрсынұлы жолымен" тақырыбында дөңгелек үстелде тағылымы мол сұхбаттасумен жалғасын тапты.
 А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеті қауымдастырылған профессор, филология ғылымдарының кандидаттары Қ.Т.Нұрмұхаметова, К.Қ.Есіркепова,Г.М.Мырзағалиева,Ә.Х.Бекбосынова,Э.Ә.Исова есімді ғалым апаларымыздың тың дүниелерімен мағлұматтар алып қайтты оқушыларымыз.
 Спикерлер А.Ш.Сагунбаева,А.Е.Агитаевалар  "Ахмет атамыздың нақыл сөздері мен аудармаларын" окытудагы әдіс-тәсілдерді көрсетіп, түсінік беріп кетті. 
 Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының мұрасы мен ұлт руханиятына қосқан үлесін жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, олардың жан-жақты дамуына мүмкіндік беретін алаң қалыптастыру мақсатында өткен дөңгелек үстелде "А.Байтұрсынов тағылымы" атты республикалық интеллектуалды сайысқа қатысқан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің болашақ мамандары яғни 4 курс студенттері оқушыларды ойталқыға шақырып,ғылыми жолға түсудің бір қырын түсіндіріп өткендей болды.(ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова)