«Тілді үйрену дағдылары арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары»
Бүгін Қостанай ҚББ-нің жұмыс жоспарына сәйкес Физика-математикалық лицейінің ғимаратында «Тілді үйрену дағдылары арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары» атты қалалық семинар өтті. Семинарда ашық сабақтар, коучинг, көрсетіліп,қала мектептерінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасты. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі А.Ш.Сагунбаева "Тілді үйрену дағдылары арқылы функционалды сауаттылықты қалыптастыру жолдары» туралы қысқаша мәліметпен таныстырып өтті.Цифрлық технология-болашаққа батыл қадам.Қазіргі уақытта әрбір адамның заманауи ақпараттық-технологияларды пайдалануға мүмкіндігі зор. Мамандардың айтуынша, оның ең сапалысы-цифрлы технология. Қай салада болмасын, бұл технология жұмысты жеңілдетуге бірден-бір ықпал етіп отыр. Цифрлық технология тек электрондық портал арқылы мемлекеттік қызметтерді пайдалануда ғана емес, білім беруде оқушылардың бір-бірімен ақпарат алмасуында да таптырмас құрал болып отыр.Осы орайда болашаққа сапалы білім беруде ұстаздар Г.Ш.Самбулатова бастауыш буында, Қ.О.Нурмуханбетова орта буында «Kundelik.kz», «Bilimland», «Online Mektep», «Wordwall» бағдарламаларын тиімді қолдану барысында оқушылармен жаңартылған білім мазмұнында құрылған, заманауи сұранысқа ие сабақтарын көрсете білді.
Сондай-ақ, Ж.А.Айсенова мен М.Қ.Латыпованың ұйымдастыруымен өткізілген коучинг «9 сыныптарды қорытынды аттестацияға дайындауда оқылым мен жазылым дағдыларының қалыптасу жолдары» тақырыбында өте жоғары деңгейде өтті.
Қатысушылардың қызығушылығын арттырып, әдістемелік көмек ұсынып, жаңа тәсіл түрлерімен таныстырып өткен ұстаздарға,семинарға қатысушы ұстаздар дән риза болды.
Коучингте жаңа тәсілдер, СТО, оқыту мен оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту жолдары көрсетілді. Нәтижесінде коучерлер коучингке белсенді қатысып, қызығушылықтары артып, ой қозғап кері байланыс жасады. Семинар соңында ҚББ әдіскері Ж.Д.Жумагулова сөз алып семинарға қатысушыларына шынай тілегін білдіріп, алғыс айтты.