14-15 қараша күндері Қостанай қаласында Абай атындағы мектепте тоғызқұмалақтан қалалық мектеп Лигасы өтті. Жарысқа Қостанай қаласының 30 мектебінен 200 оқушы қатысты.
Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойынын насихаттау , облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.
Тоғызқұмалақтан 5-6 сыныптар арасында өткен қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын - Сырбай Мауленов атындағы гимназия
2 орын - № 10 ЖББМ
3 орын - Абай атындағы ЖББМ.
7-8 сынып оқушылары арасында
1 орын - Сырбай Мауленов атындағы гимназия
2 орын -№21 ЖББМ
3 орын - №3 МГ.
9-11 сынып оқушылары арасында
1 орын - Абай атындағы ЖББМ
2 орын - "Қазбілім Қостанай" ЖББМ
3 орын- №15 ЖББМ.
Бірінші орын алған командалар тоғызқұмалақтан облыстық мектеп Лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!