Кіру
AA+
AA+

Warning: file_get_contents(http://www.geoplugin.net/php.gp?ip=216.73.216.121): failed to open stream: HTTP request failed! HTTP/1.1 403 Forbidden in /var/www/vhosts/kst-goo.edugov.kz/httpdocs/components/com_jcomments/jcomments.php on line 46

Тоғызқұмалақтан қалалық мектеп Лигасы

 2025 жылда 17-20 қараша күндері Қостанай қаласында Абай атындағы мектепте тоғызқұмалақтан қалалық мектеп Лигасы өтті. Жарысқа Қостанай қаласының 30 мектебінен 200 оқушы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойынын насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.

Тоғызқұмалақтан 5-6 сыныптар арасында өткен қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

    1 орын - №31 ЖББМ

    2 орын - Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия

    3 орын - С. Мәуленов атындағы гимназия.

7-8 сынып оқушылары арасында

    1 орын - С. Мәуленов атындағы гимназия

    2 орын - №31 ЖББМ

    3 орын - С. Көбеев атындағы ЖББМ.

Бірінші орын алған командалар 2026 жылғы ақпанда тоғызқұмалақтан облыстық мектеп Лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!