Кіру
AA+
г. Костанай, ул. Байтурсынова 67
8 (7142) 54-30-07
8 (7142) 54-99-54
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі
AA+

2023 жылдың 19-20 қаңтарында "Қостанай" спорт кешені базасында қала мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан қалалық мектеп Лигасы өтті. Жарысқа Қостанай қаласының 20 мектебінен 100 оқушы қатысты.

Турнирдің негізгі мақсаты Қостанай қаласында балалар мен жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойынын насихаттау, облыстық жарыстарға қатысу үшін мықты спортшыларды анықтау болып табылады.

Тоғызқұмалақтан 5-6 сыныптар арасында өткен қалалық жарыстардың қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

       I орын – Ә.Бөкейхан атындағы ЖББМ

           II орын -  №10 ЖББМ

           III  орын -  №3 МГ.

Жас тобындағы 7-8 сыныптар арасында жеңіске жетті:

       I орын СМГ

       II орын -  ЧНОМ

      III  орын – Абай атындағы ЖББМ.

Жас тобындағы 9-11 сыныптар арасында жеңіске жетті:

      I орын – СМГ

      II орын -  Бөкейхан атындағы ЖББМ

      III  орын -  №3 МГ.

Жеңімпаз командалар тоғызқұмалақ бойынша облыстық мектеп лигасында Қостанай қаласының намысын қорғайды.

    Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!