Егер ваучер алғаныңыз туралы хабарлама келсе:
1-қадам. Ваучерді растаңыз
- INDIGO жеке кабинетіне кіріп, ваучерді пайдалану туралы келісімді растаңыз;
- Мерзімі – 2 жұмыс күні ішінде растау қажет.
2-қадам. Балабақша таңдаңыз
- INDIGO жүйесінде «Берілген ваучерлер» бөліміне кіріңіз;
- Бос орындарды ескере отырып, балабақша таңдаңыз.
3-қадам. Құжаттарды жинаңыз
- 065/у нысаны бойынша профилактикалық егулер картасы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес;
- 052-2/у нысаны – Баланың денсаулық паспорты №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес;
- 027/у нысаны бойынша анықтама №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына сәйкес;
- Егер балада ерекше қажеттіліктер болса, психологиялық-медициналық-педагогикалық комиссияның қорытындысының электрондық көшірмесі (бар болса).
4-қадам. Келісімшарт жасаңыз
- Барлық құжаттарды жинағаннан кейін балабақшамен электрондық шарт жасаңыз;
- Балабақша шартты 1 жұмыс күні ішінде қарастыруы тиіс;
- Егер жауап болмаса – дереу балабақшаға хабарласыңыз.
________________
Егер ваучерді алғаныңыз туралы хабарламаға жауап бермесеңіз:
- 28 күнге стоп-листке түсесіз (қалпына келтіруге болады);
- 28 күн ішінде де жауап болмаса – кезек жойылады.
Егер «Жоқ» деген жауап берсеңіз:
- Кезек бірден жойылады.
_______________
Маңызды! Балабақшаға қабылдану үдерісін кейінге қалдырмаңыз.
Ваучер берілген және расталған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде құжаттарды жинап, шартқа қол қою қажет.
Уақытты өткізіп алмау үшін бұл үдерісті тезірек жасаған жөн, себебі 5 жұмыс күнінен кейін ваучер күшін жояды және сізге кезекке қайта тұруға тура келеді.