Ағымдағы жылдың 23 ақпанында «Заманауи білім беру» кәсіби бағдар беру онлайн-форумы өтті.
Форумның негізгі мақсаты – түлектерге 2022 жылы оқуға қайда бару және ЖОО-ға қалай түсу туралы мәселелерді шешуге көмектесу. Журналдың ақпараттық алаңында онлайн форматта түлектер мен ата-аналар ЖОО-ға түсуге байланысты барлық қызықтырған сұрақтарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды.
«Заманауи білім беру» форумы 2022 жылы ЖОО қабылдау және оқыту жүйесіндегі барлық жаңалықтарды қамтыған сарапшылар мен ЖОО қабылдау комиссиялары өкілдерінің қатысуымен өтті.
Форумға қатысушылар оқу орындарының жеке алаңдарына шақырылды: Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті,
Алматы энергетика және байланыс университеті, Turan-Astana университеті, Сүлейман Демирель университеті.