17 ақпанда № 19 жалпы білім беретін мектеп базасында 5 жылға дейінгі өтілі бар биология және химия мұғалімдеріне арналған "Заманауи сабақты жоспарлау" тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарда № 19 ЖББМ химия және биология мұғалімдерінің озық педагогикалық тәжірибесі ұсынылды. Химия пәнінің мұғалімі М. В. Утеева "Заманауи сабақты жоспарлау" тақырыбында мастер-класс өткізді, биология пәнінің мұғалімі И.А. Абильмажинова семинар қатысушыларымен "ғылыми-зерттеу қызметі арқылы білім алушылардың уәждемесін арттыру" тақырыбы бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Химия пәнінің мұғалімі Н.А. Данник ЕБҚ бар балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтты. Семинар аса нәтижелі өтті. Рефлексия кезеңінде қатысушылар семинарға оң баға берді