14 сәуірде № 17 бөбекжайда «Заманауи технологияларды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық мәдениетінің негізін қалыптастыру» тақырыбы бойынша музыкалық жетекшілердің қалалық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
ӘБ қатысушыларын қазақ халық аспаптар ансамблінің өнерімен және шағын концертпен қарсы алды.
Музыкалық жетекші Оразалина С.А. «Ғарыштың сиқырлы әлемі» ұйымдастырылған қызметі барысында инновациялық технологияларды қолдану, белсенді тыңдау және қарапайым музыкалау арқылы оқушылардың ғарыш және ғарышкерлер туралы түсініктерін кеңейтті. Бұдан әрі педагог QR-кодты пайдалану мүмкіндігімен «Ән шырқайық бөбектер» авторлық жұмысын ұсынды.
Музыкалық жетекші Есенжолова М.Р. «Музыкалық аспаптарды іздеуде» квест-ойынын ұйымдастырды, онда музыкалық қызметтің барлық түрлері: тыңдау, ән айту, музыкалық-ритмикалық қимылдар, би шығармашылығы, балалар музыкалық аспаптарында ойнау қамтылды.
Психолог Мазурок Н.В. «Whats App» рефлексиясын өткізді, соның барысында қатысушылар әдістемелік бірлестіктің жұмысын бағалады.
ӘБ жетекшісі Похуляк И.В. осы іс-шараны қорытындылады, ұсыныстар берілді.