«Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»ММ Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қостанай қаласы бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылдың 13 желтоқсанында «Үздік аудармашы» қалалық сайысын өткізді.
Сайыс Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына және мемлекеттік тіл саясатын насихаттауға бағытталды. Сайыс мақсаты: аудармашылардың біліктілігі мен тәжірибесін іс жүзінде сараптап, мемлекеттік тілде дайындалатын іс қағаздарының сапасын арттыруға ықпал ету, кәсіби аудармашыларға қолдау көрсету.
Сайысқа қала мекемелерінен 12 аудармашы қатысты. Сайыскерлер ресми құжаттарды аудару, ілеспе аударма, тыңдалым арқылы аудару тапсырмаларын орындады. Жүлделі 1-орынға №4 бөбекжайынан Кубекова Алтын Касымкановна иеленді. Құттықтаймыз!